22
Жұма,
Қараша

һижри

АБАЙ-175: «МҰНАРА» газеті байқауының жеңімпаздары анықталды

АБАЙ-175: «МҰНАРА» газеті байқауының жеңімпаздары анықталды

Ел іші
Жарнама

18 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мұнара» газеті жыл басында авторлар мен оқырмандар арасында «Абай сөзі – ұрпақ темірқазығы» атты шығармашылық байқау жариялаған болатын. Бүгін байқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Байқауға еліміздің барлық аймағынан Абай өмірі мен шығармашылығына арналған 58 шығарма жолданды. Шығармалар арасында зерттеу жұмыстары, эссе, мақала, сұхбат, тіпті өлең де болды.

Байқауға жолданған жұмыстарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, белгілі журналист, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, ардагер журналист Жанболат Аупбаев, Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов бастаған қазылар алқасы саралады. Нәтижесінде жеңімпаз 8 автордың жұмысы іріктеліп алынды.

Бірінші орын – Жандос Бақытбекұлы (Ұмра қажылығына жолдама)

Екінші орын – Рақымжан Сүйерқұлов (200 мың теңге)

Үшінші орын – Маралбек Ермұхамет (100 мың теңге)

Бұдан бөлек 5 адам ынталандыру сыйлығына (50 мың теңгеден) лайық деп танылды. Олар – Әзімхан Исабек, Біржан Ахмер, Лаура Тастанбек, Қуаныш Серіков, Жанна Ділдебаева.

Жеңімпаз шығармалары «Мұнара» газетінің алдағы сандарында жарияланып отырады. Жүлделі орын иегерлеріне сыйлықтарын қай уақытта, қалай алуға болатынын қосымша хабарлаймыз.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

munara1

munara1

munara1

munara1

Бөлісу: