25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Сенат төрағасы Бас мүфтимен кездесті

Сенат төрағасы Бас мүфтимен кездесті

Ел іші
Жарнама

23 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесу барысында дінаралық диалогты дамыту және елімізде қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев Қазақстанның ел ішінде және жаһандық деңгейде дінаралық диалог идеясын ілгерілетуге баса мән беріп отырғанын атап өтті. Сенат Төрағасы алдағы уақытта Съезд Хатшылығының жұмысы діни бірлестіктер өкілдерінің сындарлы байланысын нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

Сенат Төрағасы мешіт қызметкерлерінің пандемия кезінде азаматтарымызға қолдау көрсеткенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, сын сағатта қайырымды істер ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға көмек қолын созған Діни басқарманың белсенді жұмысына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, тараптар елімізде қоғамдық келісімді нығайтудың және түрлі конфессия өкілдері арасында тиімді байланыс орнатудың маңызына тоқталды.

Бөлісу: