22
Жұма,
Қараша

һижри

ЖАҢА ЖОБА: «Бөлім сағатының» алғашқы ашық жиналысы өтті (ФОТО)

ЖАҢА ЖОБА: «Бөлім сағатының» алғашқы ашық жиналысы өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

24 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Бөлім сағаты» жобасының алғашқы мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти төрағалығымен өткен «Бөлім сағатының» бірінші отырысында «Шариғат және пәтуа, «Діни оңалту» бөлімдерінің жұмысы тыңдалып, жоспары талқыланды. Жиында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов пен Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев Бас мүфтиге бөлімнің ағымдағы жұмыстары жайлы есеп берді.

Мәжілісті ашқан ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы: «Бұл жобаны қолға алудағы мақсатымыз – ҚМДБ жанындағы бөлімдердің жұмысын жетілдіріп, игі жобаларды пысықтап, ізгі істерді жандандыру, бөлімнің жұмысына қатысты ұсыныс-пікірлерді тыңдап, тиісті шешім қабылдау. Ашық жиналыста өз бөлімдеріңізге қатысты мәселелерді ашық айтып, ұсыныс беріңіздер. Мен өз тарапымнан барынша қолдау жасаймын. Ең бастысы жұмыс жүйелі әрі тиянақты жүруі тиіс» деп атап өтті.   

Айта кетсек, Шариғат және пәтуа бөлімі 2020 жылдың тамыз айында 4313 сұраққа жауап берген. Оның ішінде ең көп интернет желісі арқылы (пошта, уатсап, телеграмм) сауал қойған. Олардың саны – 1881 адам.  

Ал Діни оңалту бөлімі деструктивті ағым өкілдерімен төрт бағытта (жеке сұхбат, жалпы профилактикалық шаралар, түзеу мекемесіндегі азаматтармен жеке кездесу, түзеу мекемесіндегі азаматтармен жалпы профилактикалық іс-шаралар) жұмыс істейді. 2020 жылдың бірінші жартысында Діни оңалту бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық өңірінде 1678 жеке кездесу өтті.

Жиналыс соңында Бас мүфти бөлім меңгерушілеріне нақты тапсырмалар берді.  

joba1

joba1

joba1

joba1

joba1

joba1

joba1

joba1

Бөлісу: