25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти сыйлық таратты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

«Алматыда ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен «Рамазандағы сыйлық» республикалық қайырымдылық акциясы өтті» деп хабарлайды Muftyat.kz.

«Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген. Қайырымдылық жасау біздің рухани дүниемізді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге, қоғамды да жақсы жағына қарай өзгертеді. Сондықтан, мұсылман баласы қасиетті айда барынша қайырымдылық жасап, жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созуы үлкен сауап», – деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Шара барасында «Кәусар» жетім балалар үйіндегі 40 балаға заттай сыйлықтар, 100-ге жуық жағдайы төмен отбасыларына қаржылай көмек және 600 адамға ауызашар берілді.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: