28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Нұртай ӘБІҚАЕВ: «Ислам мемлекеті» атауын қолдану дұрыс емес

Ел іші
Жарнама

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев дін атын жамылған лаңкестік ұйымдарды "Ислам мемлекеті" деп атаудан бас тарту керектігін мәлімдеді. Бұл жайында E-ISLAM порталы хабарлады.

ҰҚҚ төрағасы Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында экстремистік ұйымдар туралы сөз қозғаған уақытта мемлекет атауы мен дін атын қолданбауға шақырды.

«Өзін "Ислам мемлекеті" деп атайтын "Даиш" лаңкестік ұйымы шын мәнінде діни-экстремистік интернационалға айналды, онда түрлі елдердің ондаған мың азаматы мүше. Айта кетейік, саясаткерлер мен тілшілердің "Даишке" қатысты "Ислам мемлекеті" атауын қолдануын дұрыс деп есептемейміз. "Мемлекет" деген сөзді қолдану бұл жағдайда ұйымды бүркеме мәнде лигитимді етіп көрсетеді, бұл дегеніңіз қателік. Олар өздерін қалай атаса да, арнайы қызметтерде біз "Даиш" қысқармасын қолданамыз» - деді Әбіқаев.

Әбіқаев қазіргі уақытта зорлықшыл экстремизмнің осы заманның ең бір қатерлі жаһандық проблемасына айналғанын атап өтті, оның айтуынша, бұл ұйым бірқатар елдің тұрақсыз факторы ғана емес, сонымен қатар үлкен аймақтарға әсер етіп жатыр. ҚР ҰҚК төрағасының пікірінше, осы қауіпті құбылыстан дамыған әрі бақуатты елдер де сақтандырылмаған.

«Таяуда, 4-5 жыл бұрын "Әл-Каида" ұйымынан қауіпті ұйымның пайда болуына ешкім сенбес еді. Алайда бүгін "Даиш" пен "Боко Харамның" өзінің ірілігімен және агрессиялық саясатымен "Әл-Каиданы" озып кетті. Бүгінде олар жаңа деңгейге көтерілді, түрлі елдерде ұйым мүшелерінің заңды және заңсыз түрде пайда болуы қолданылып жатыр, олар мемлекеттік, саяси, экономикалық және күш құрылымдарына енуге тырысып жатыр. (...) Кейбір лаңкестік актілердің ірі операцияларға өтуінің тұрақты тенденциясы байқалып отыр, бұл актілер диверсиялық лаңкестік соғыс мәніне ие болып жатыр. Ақпараттық-психологиялық әсер етудің заманауи тәсілдері қолданылып жатыр» деді ҰҚК басшысы.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: