22
Жұма,
Қараша

һижри

«ХАЛАЛ ДАМУ» мамандары Семей кәсіпкерлеріне онлайн семинар өткізді

«ХАЛАЛ ДАМУ» мамандары Семей кәсіпкерлеріне онлайн семинар өткізді

Ел іші
Жарнама

7 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Халал Даму» мекемесі және ҚМДБ-ның Семей аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау» тақырыбында онлайн семинар өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Семинарға Семей аймағының бас имамы Асқар Мұқанов, жергілікті бақылаушы-инспектор Серікқали Бейсенұлы, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог мамандар, жергілікті ірілі-ұсақты 114 кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері қатысты. Онлайн форматта өткен семинардың мақсаты – кәсіпкерлерге халалдың маңыздылығын насихаттау, халал стандартқа сай өнім өндіріп, қызмет көрсететін кәсіпорындар санын арттыру қажеттігін түсіндіру.

Семинар барысында халал өнімнің пайдасы, «ҚМДБ халал» сертификатын алу талаптары, халал стандартқа өтудің жолдары, халал өнімдерді жарнамалау мәселелері көтеріліп, нақты нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, технолог мамандар халал өнім өндіру технологиясының басты ерекшеліктері, Е тағамдық қоспалар, халал өнімнің пайдасы мен артықшылықтары жөнінде дәріс өткізді.

Семинар соңында, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Айбек Асқарбекұлы мен Асқар Мұқанов кәсіпкерлерді халал, табиғи, экологиялық таза өнім индустриясын дамытуға ат салысуға шақырды.

halal1

halal1

halal1

halal1

halal1

Бөлісу: