14
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Елорда өкілдігі бойынша Құран жарысына іріктеу өтеді

Елорда өкілдігі бойынша Құран жарысына іріктеу өтеді

Ел іші
Жарнама

8 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен елорда қарилары арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ІХ республикалық Құран жарысына іріктеу өткізіледі, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Сайысқа қатысушылар өз білімдеріне сәйкес 4 аталым (номинация) бойынша бақ сынай алады: «10 пара», «20 пара», «30 пара» және «Мәнерлеп оқу».

Қатысу шарттары:

Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;

Жасы 30-дан аспаған болуы керек;

Өз номинациясы бойынша халықаралық, республикалық Құран жарыстарының жүлдегері болмауы тиіс.

Сайысқа қатысу туралы өтініштер 11 қазанға дейін қабылданады.

Байланыс телефоны: 8 778 212 11 61 (Әділхан Серікбай)

jaris1

Бөлісу: