23
Сенбі,
Қаңтар

һижри

Ерлан ҚАРИН: «ДАИШ-ті дінмен байланыстырмау керек»

Ел іші
Жарнама

ДАИШ, ИШИР секілді лаңкестік ұйымдары өз шекараларының кеңейіп келе жатқанын насихаттау мақсатында ақпараттық құралдарды тиімді пайдалануға бар күшін салуда. Бұл жайында ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференциясында баяндады.

«Көбінесе сарапшылар, БАҚ өкілдері, мемлекеттік билік органдарының өкілдері лаңкестік мәселесіне қатысты пікір білдірген кезде ең көп аталып жүрген ұйымдардың бірі ДАИШ-ті ақпараттық кеңістікте «Ислам мемлекеті» деп жиі атай салады. Бұл өте қате тұжырым. Осы топ өзін бұлай атады екен деп біз оларды солай атауға міндетті емеспіз. Қылмыскерлер осы атауды қолдану арқылы белгілі бір стратегиялық мақсаттарды көздейді. Яғни, белгілі бір аумақта бекінгенін, олардың қатарлары артып келе жатқанын көрсеткісі келеді. Сөйтіп, кейіннен оларды мойындауға тиісті алғышарттар дайындап жатқандай болады», - деді Е. Қарин. Қарин мырза бұл ретте аталмыш ұйымдарды «Ислам мемлекеті» деп атаудан бас тарту керектігін айтты.

«Ең бастысы «Ислам мемлекеті» деген атау кеңінен қолданылғаннан, осы топтың тарапынан жасалатын іс-қимылдардың барлығы діни сипатқа ие болады. Яғни, барлығы оны Ислам дінімен байланыстыратын болады. Сондықтан оны дінмен мүлдем байланыстырмау қажет», - деген ол ДАИШ ұйымын өз мақсаттарына жұмыс істеуші қылмыскерлер екенін атап өтті.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: