04
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«АСТАНА» медресесі колледж мәртебесін алды (ФОТО)

«АСТАНА» медресесі колледж мәртебесін алды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

23 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің «Астана медресесі» жеке мекемесі – еңселі Елордамыздағы отандық діни мамандарды әзірлейтін білім ордасы. 

2007 жылдың 1 шілдесінде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылған медресе бүгінгі күнге дейін 300-ден астам орта буынды дін мамандарын әзірледі.  

Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни білім беру саласында бірқатар бастамаларды жүзеге асырып, медреселерді заманауи колледждермен терезесін теңестіріп, орта білімді маман дайындайтын оқу орындарына айналдырып үлгерді. Көштен қалмай, медреселердегі оқу жүйесі де Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендірілуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Астана медресесі мемлекеттік мекемелер тарапынан қойылатын барлық талаптарды орындап, осы жылдың қыркүйек айында «ҚР БжҒМ Білім және Ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Нұр-Сұлтан қаласындағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Астана медресе колледжі» жеке мекемесіне техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын жүргізу құқығына №KZ72LAA00018887 лицензия  және 011201 3 «Имам хатиб» біліктілігі бойынша лицензия қосымшасын иеленді.

Оқу орны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде «Исламтану» мамандарын дайындауды жүзеге асырады. Оқу орнындағы оқу процесі – күндізгі. Жалпы орта білім негізінде нормативтік оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Астана медресе колледжінің құрылтайшысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

astana1

astana1

astana1

astana1

astana1

astana1

Бөлісу: