22
Жұма,
Қараша

һижри

ҚМДБ төрағасының Жамбыл облысына іс-сапарына шолу (ФОТО)

ҚМДБ төрағасының Жамбыл облысына іс-сапарына шолу (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

5 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Тараз шаһарына келген ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бір ғасырлық тарихы бар «Әулие ата» мешітін зиярат етті.

Тарихи мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, Алла үйінің құрылысы жайлы толық хабардар болды.

Шараға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, ҚМДБ Шариғат және пәтуә бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, сондай-ақ, қала мешіттері мен облыстық мешіттің имамдары қатысты. Көне мешітте Құран оқылып, дұғасы дүниеден өткен мұсылмандарға бағышталды.

Айта кетейік, көне мешіттің алдында аллея орналасқан. Мешітке жаңа ғимараттар қосылып, дәретхана орны да ауыстырылыпты.

Облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев жоспар бойынша жасалып жатқан жұмыстар легін баяндап, туристердің ең көп келетін жерінде орналасқан ғимараттың маңыздылығы жайлы тілге тиек етті. Сондай-ақ тағы бір маңызды тұсы 1907 салынған мешіттің көне сәулет үлгісі сақталып қалған. Реставрация жұмыстары келер жылы толығымен аяқталады.

Бас мүфти өз кезегінде құлшылық ордасына көмектесіп жатқан азаматтарға ризашылығын жеткізді.

meshit1

meshit1

meshit1

meshit1

Бас мүфтидің Тараз қаласындағы жұмыс сапары «Әжелер мектебінің» өкілдерімен кездесумен жалғасты. Игі шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, осы өңірдің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және бір топ жасы үлкен қария қатысты.

«Өскелең ұрпаққа салт-дәстүрімізбен дін сабақтастығын түсіндіретін, жастар арасындағы отбасылық мәселелерде бағыт-бағдар беріп, ұлттық тәрбиемізді насихаттайтын - «әжелер мектебі». Ол қазақ дәстүрінде болған. Біздің қазақ дәстүрінде де әженің орны бөлек. Абайды тәрбиелеген Зере әжеміз. Ал Айғанымдай әженің тәрбиесін алған Шоқан қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы болды. Бұдан өзге Біржан сал, Мұхтар Әуезов сынды қазақтың біртуар азаматтары да әженің тәрбиесін көріп өсті. Осы өңірдің тумасы батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын» - деген еді. Бірақ сол бір ұмыт қалған дәстүрді қайта жаңғыртып, өшкенімізді тірілтіп жүрген Сіздерге мың алғыс»—деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жүздесуге келген ақ жаулықты әжелер бірнеше ұлттан тұрса да татулықты ту етіп, тәрбиенің қайнар көзінен жас ұрпақты сусындатып келеді.

Мешіт жанынан осындай тағылым мектебін ашқан имамдарға облыс әкімі де ризашылығын білдірді. 

ajeler1

ajeler2

ajeler4

ajeler5

ajeler

Дін ғұламаларының орталығы болған Тараз шаһарында «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Салтанатты шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, өңірдің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев және медресе ұстаздары қатысты.

Шара Алланың кәләмі Құран оқудан басталды.
Алғашқы болып көпшілік алдында сөз сөйлеген облыс әкімі: «Елдегі балаларды шетке жібермей-ақ өз өңірімізде діни білім берсек, қандай жақсы. Ғимарат қазіргі заманның талабына сай керемет салынған екен. Осы білім ордасында діни білім мен дәстүрлі тәрбие беріліп, ол ілім басқа жастарға үйретілсе, адамның бір міндеті орындалды деген сөз» - деп атап өтті.

Ал, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз кезегінде: «Тараз бұл өте көне шаһар. Тараздан шыққан әулие-әмбиелер, ғұламалар көп болған. Һибатулла ат-Тарази дін тараған ортаға барып, Мысырда медресе басшылығын атқарған ұлы тұлға. Біз Мысырда дін мамандарын оқытатын жердің басшысы болған абыройлы тұлғаның ұрпағымыз. Аллаға шүкір бұл бір үлкен іс болды. Шәкірттерге бар жағдай жасалған екен. Енді алаңсыз білім алуға жазсын» - деді Бас мүфти.

Ақ жаулықты әжелер шашуын шашып, Наурызбай Тағанұлы мен Бердібек Сапарбаев ғимараттың тұсаукесер лентасын қиды. Кейін қонақтар медресемен толық танысып, ішін аралап шықты.

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің жатақханасының жалпы көлемі 40 шаршы метрден және жапсарлас салынған екі қабатты ғимараттан тұрады. 1-қабатта Холл (қонақ күту), ресепшн, кітапхана, 3 ұстаздар бөлмесі, асхана, кір жуатын бөлме, дәретхана, үлкен жуынатын бөлмесі және монша орналасқан. Ал 2-қабатта 12 жатын бөлме және 4 сынып бар. Жатақхананың батыс жағында 2 қызметтік үй қамтылған. Біреуі 36 шаршы метр, екіншісі 20 шаршы метр.

kolledj

kolledj2

kolledj4

kolledj4

kolledj4

kolledj4

kolledj4

kolledj4

Тараз қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев және өңірдің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің қатысуымен «Asyldin» студиясы ашылды.

«Һибатулла Тарази» мешіті жанынан ашылған студия арқылы халыққа діни бейнежазбалар, қоғам қайраткерлерімен, дін мамандарымен сұхбаттар ұйымдастырылып, онлайн уағыз-насихат көрерменге жол тартпақ.

Айта кетейік, студияда түсірілім үшін арнайы жасалып, безендірілген бірнеше баннерлер, тіпті әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізуге арналған бөлігі де бар. Ол жаңа техникамен, жарық беру құрылғылармен қамтылған.

Су жаңа студияға өз бағасын берген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: «Бензендірудің өзі мүфтият пен дәстүріміздің сабақтастығын насихаттап тұр. Былтыр Діни басқарма «Рухани 7 қазық» деп аталатын құжатты таныстырды. Сол құжатта тәрбие, өнеге, білім бәрі қамтылған. Ендеше жаңа студия рухани тәрбиенің темірқазығына айналсын» - деп атап өтті.

Жаңа студияны тамашалаған Бас мүфти діннің насихаты жолында талмай еңбек ете беріңдер деп батасын берді.

studia

studia1

studia2

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жамбыл облысына сапары барысында 9 баспананың кілтін табыстады.

Облыстың үш ауданында 309, 310, 311, 312, 313, 314 және 3 қызметтік үйдің кілті жаңа иелеріне табысталды. Жамбыл облысы Талас ауданы Аққұм ауылына арнайы барған Бас мүфти бір қызметтік және бір жеке үйдің кілтін берді. Игі шара «Асарлатып үй салу жобасы» аясында жүзеге асқан. Ауыл тұрғындары жәрдем беріп, аз уақытта екі баспана қатар ұсынылды.

«Жақсылықты бөліссең, көбейеді, деген. Сынаққа толы өмірде біздің ғұмырымыз осындай жақсы істерден тұруы тиіс. Осындай қайырымды істердің ұйытқысы боп жүрген ауыл тұрғындарына Алла разы болсын! Баспанаға мұқтаж азаматтардың ісіне Алла жеңілдік берсін. Бүгін ақ түйенің қарны жарылып, ақжолтай жаңалыққа толды. Ендеше бәрі сәтімен болғай. Біздің имамдар, қайырымды жандар осындай қысылтаяң уақытта да тоқтамай, үлгі істерін жалғастыруда. Өнеге іс жалғасын тапсын» деп Бас мүфти де ағынан жарылды. 

Қайырымдылық шарасынан кейін жаңа үйдің ауласына ағаш отырғызылды. Ауыл тұрғындары мұндай игі шараның алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ қайырымдылық шара барысында ауыл ауруханасына 1 ИВЛ аппараты беріліп, 10 отбасыға азық-түлік таратылды.

pana

pana2

pana3

pana5

pana6

pana7

pana7

pana7

pana7

Бөлісу: