29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфтидің Жамбыл облысындағы іс-сапары Қордай ауданында жалғасты (ФОТО)

Бас мүфтидің Жамбыл облысындағы іс-сапары Қордай ауданында жалғасты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

6 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жамбыл облысындағы жұмыс сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданында бой көтерген «Имамдар үйінің» ашылуына қатысты. 

«Имамдар үйінде» оңалту және алдын алу, қазақ тілі, бейбітшілік және келісім орталықтары, сонымен қатар дәрісхана мен кітапхана бар. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің айтуынша, мұнда жергілікті дүнген имамдарға қазақ тілінен сабақ беріледі. Дәріс сыныптарынан бөлек 40 адамға арналған жатын орны мен мәжіліс залы бар. Кітапханадағы кітап қоры да жеткілікті.

ҚМДБ Төрағасы салтанатты шара барысында аудан әкімімен бірге «Имамдар үйінің» лентасын қиып, нысанды аралап көрді. «Жыл басында осы өңірге арнайы келдім. Осы аралықта көптеген жұмыстар атқарылды. Міне, соның нәтижесі. Аллаға шүкір, бүгін қуанышты күн. Бұл орталықта имамдар дәріс алумен қатар, мемлекеттік тілді меңгереді. Оңалту бөлімі де бар. Жаңа нысан елдің игілігіне, бірлігіне қызмет ете берсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиында сөз алған жергілікті аудан тұрғыны Дінлосар Шысыр ақсақал осы іске ұйытқы болған азаматтарға, Бас мүфтиге ризашылық білдірді.

dom

dom1

dom2

dom7

dom9

dom10

dom11

dom12

Қордайдағы сапары барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы тағы бір маңызды орталықтың жай-күйімен танысты.

Бұл жолы Діни басқарма төрағасы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығына келді. Жақында ғана директор боп тағайындалған Ғалымжан Шаяхметов Бас мүфтиге атқарылып жатқан жұмыстар жайлы есеп берді. «Қазіргі уақытта сақтық шараларына байланысты шәкірттер қашықтан оқып жатыр. Кітапхана қоры жеткілікті. Шәкірттерге қамқорлық толығымен жасалған» деп атап өтті мекеме директоры. Білім ордасының жай-күйіне қаныққан Бас мүфти оқу жоспарымен танысып, бірнеше маңызды жайттарға тоқталды.

«Отанды сүю – иманнан» деген. Мұндағы әрбір шәкірт ең алдымен осы елдің азаматы. Туған жерге, ана тілге деген құрметі жоғары болу керек. Діни басқарманың тағы бір бағыты елді діни сауаттандыру. Дәстүрлі ислам негізінде білім беру. Рухани құндылықтарды құрметтеуге үйрету. Қазіргі уақыттың талабына сай оқу процестері, сабақтардың құрылымы өзгерді. Осындағы шәкірт Құранды жаттап қана қоймай, жан-жақты білім алуы тиіс. Бізге қажеті әмбебап маман. Сондықтан Қазақстан дейтін бір ғана Отанымызды құрметтейтін, оның салт-дәстүрін сыйлайтын ұрпақтың қалыптасуы жолында еңбек етуге тиіссіздер» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Шағын құрамда өткен кездесуден соң Бас мүфти облыс имамымен бірге нысанды аралап шықты. Шара соңында ҚМДБ төрағасы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

qorda

qord2

qorda3

qorda4

qorda5

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданына сапары барысында имамдарға арналған оқу курстарына арнайы қатысты.

Қазіргі уақытта Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйімен» Қордайдағы Қарилар орталығында қазақ тілін оқытатын тіл курстары жұмыс істейді. Айта кетейік Бас мүфти ақпан айындағы ауданға сапары кезінде осы істі баса тапсырған болатын. Қазіргі таңда аудандағы өзге ұлт өкілдерінен құралған имамдарға білікті ұстаздар сабақ беруде.

Курсқа қатысушылардың жалпы саны – 56 адам. Аталған орталықтарда тіл курстарынан бөлек елдегі татулық пен бірлікті нығайту, отбасы құндылықтарын насихаттау, Діни алауыздықты болдыртпау және жат ағыммен күрес сондай-ақ ҚМДБ-ның «Жеті рухани қазық» құжатын насихаттау жұмыстары қатар жүруде.

qord

qord2

Мемлекеттің қамқорлығымен жүзеге асқан «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында Қордай өңіріне 3 әйел және 6 бала жеткізілген болатын. Осы өңірге жұмыс сапарымен келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Гүлшат Ілиязова мен Ильмира Фахриеваның отбасында болды. Аталған әулеттің тұрмысымен танысып, насихатын жеткізді.

«Сіздерге жырақта оңай болмағанын білеміз. Бірақ біздің мемлекетіміз өз азаматын өзекке теппей, өзге елде жетімнің күйін кешпесін деп осында әкелді. Туған жердің қадірін, бостандықтың қадірін біле бермейміз. Бірақ бұдан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіз отанымыз бар. Дәстүрлі дініміз қайта оралды. Ендігі жерде Сіздер ана ретінде мына жүрген бүлдіршендердің ертеңін ойлауға тиіссіздер. Осы балалардың алаңсыз білім алып, елдің азаматы ретінде қалыптасуға күш жұмсаңыздар» - деді Бас мүфти.

Айта кетейік Қордай ауданына келген бұл отбасының тұрарға баспанасы болмаған. Дегенмен жергілікті имамдар мәселені тез арада шешіп, өткен Рамазан айында кәсіпкерлердің демеуімен 6 бөлмелі үйді сыйға беріпті. Діни басқарма атынан осы шаңырақ иелеріне үйге қажетті техника тарту етілді. Жусан операциясымен елге оралған қос ана өз ризашылықтарын білдіріп жатты.

jysan

jysan1

jysan1

jysan1

jysan1

Бөлісу: