23
Сенбі,
Қараша

һижри

Наиб мүфти Аманжол Әлтаймен кездесті (ФОТО)

Наиб мүфти Аманжол Әлтаймен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

16 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы айтыскер ақын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Аманжол Әлтаймен кездесті.

Кездесуде жастар тәрбиесі, оларға мотивация беру, идеал болу, дін мен дәстүр сабақтастығын көбірек насихаттау мәселелері сөз болды.

Басқосуда Аманжол Әлтай: «Хәкім Абай мұрасы – ұрпақ үшін зор тағылым. Абайды тану арқылы өркениеттің өнегелі жолына түсеміз. Ол үшін жастарымызға Абай шығармашылығындағы дінді құрметтеу, дәстүрді дәріптеу секілді имандылық иірімдерін көбірек насихаттауымыз керек. Абайдың түсінген жастар оның өлеңдерінің өзегінде имандылық, дін мен дәстүр жатқанын терең таразылайды» деп атап өтті.

Сондай-ақ Аманжол Әлтай қазақтың рухын көтерудің ең қарапайым әрі төте жолы жастарды атқа мінгізу екенін атай келіп, атқа мінуді көбірек насихаттауға шақырды.

Өз кезегінде Ершат Ағыбайұлы Діни басқарма тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға кеңірек тоқталып, Аманжол Дүйсенбайұлына ұсыныс-тілегі үшін алғыс айтты.

naib1

naib1

naib1

naib1

Бөлісу: