29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ершат Ағыбайұлы Нартай Сауданбекұлымен жүздесті (ФОТО)

Ершат Ағыбайұлы Нартай Сауданбекұлымен жүздесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

16 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы белгілі актер Нартай Сауданбекұлымен кездесті.

Жүздесуде Нартай Сауданбекұлы «Халық арна» телеарнасының ашылуымен құттықтап, арна жұмысына табыс тіледі.

«Діни басқарманың төл арнасына толайым табыс тілеймін. Арнада балалар мен жастарға арналған контенттің мол болғаны дұрыс. Өйткені балаларға арналған бағдарламалар олардың ой-өрісінің қалыптасуына, имандылықты бойына сіңіруіне септігін тигізеді» деп атап өтті.

Сондай-ақ Нартай Сауданбекұлы өнер саласындағы тәжірибесін бөлісіп, имандылық тәрбиеге баса мән беру керектігіне тоқталды.

Өз кезегінде Ершат Ағыбайұлы актердің ақжарма тілегін ықыласпен қабыл алып, ҚМДБ-ның осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарын таныстырды.

ershat1

ershat2

ershat3

 

Бөлісу: