26 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Раиса ана» мешітінің қызметкері Ержігіт Бөрібековтің отбасы үшін ерекше қуанышты күн болды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қоры жариялаған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мешіт қызметкеріне баспана беріліп, жас отбасы көптен күткен арманына қол жеткізді.
Сауапты шараға ұйытқы болған Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің қызметкерлері Ержігіт Артықбайұлының жаңа шаңырағына құттықтау айтып, қуанышымен бөлісіп қайтты. Елоданың бас имамы Ерболат Жүсіпов өкілдік атынан баспана кілтін табыстап, ізгі тілегін білдірді.