28 қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әр-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы болып өтті. Мәуліт айының құрметіне орай өткен игі шара аясында Байқоңыр ауданындағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік сөмкелері таратылды. Сондай-ақ, әрбір отбасыға 7 келі көлемінде ет те берілді.
Мешіт бас имамы Руслан Нақыпбекұлы қайырымдылық шарасын өзі жүргізіп, бүгінгі сауапты шараға атсалысқан барша демеуші жандарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, қайырымдылық шарасы аясында тұрмысы төмен 40 отбасыға көмек көрсетіліп отыр.