18
Дүйсенбі,
Қаңтар

һижри

MUFTYAT медиа орталығы ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

MUFTYAT медиа орталығы ашылды (ФОТО+ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

2 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратынан MUFTYAT медиа орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ бөлім басшылары мен мамандары қатысты. MUFTYAT медиа орталығының жұмыс барысын Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов таныстырды.

Наурызбай қажы Тағанұлы: «Бұл орталықтан Діни басқарманың барлық жаңалықтары дайындалып, оқырманға, көрерменге жол тартады. Орталық мамандары – өз ісінің сақа мамандары. Пандемия кезінде Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің жұмысы жанданды. Онлайн шаралар қолға алынып, жедел ақпарат берілді. Соның арқасында жұртшылық шынайы хабарлар мен мәлімдемелерді оқып-біліп отырды» дей келе медиа орталық мамандарының қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы медиа орталықты аралап, мамандардың жұмысымен танысып, нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, орталықта Ақпарат және қоғаммен байланыс бөліміне қарасты Ғаламтормен жұмыс секторы, muftyat.kz сайты, «Хикмет» студиясы, «Халық арна» телеарнасының елордадағы өкілдігінің мамандары қызмет етеді. Орталық мамандары жедел әрі шынайы ақпарат таратып, дін саласындағы хабарларды еліміздің оқырмандарына бірінші болып таратып отыр. Сондай-ақ осы орталықтан имам-ұстаздардың онлайн дәрістері мен насихаттары таралып келеді.

media1

media1

media1

media1

media1

media1

media1

media1

Бөлісу: