21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қараша айында 6368 діни сұраққа жауап берілді

Қараша айында 6368 діни сұраққа жауап берілді

Ел іші
Жарнама

3 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ республикалық сall-орталығы қазан айында халықтан түскен жалпы 6368 діни сұраққа жауап берді.

Атап айтқанда жеке кездесу арқылы 1065 сұраққа, қоңырау шалу арқылы 2113 сұраққа, әлеуметтік желілер арқылы 3190 сұрақққа жауап берілді.

Сонымен қатар мүфтияттың сайтында «Нумерология деген не?», «Құндыз тон киюге бола ма?», «Темекі сатуға бола ма?», «Елес деген бар ма?» секілді өзекті мәселелер жарияланды.

Еске сала кетейік, кез келген діни мәселені ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа ісіне жауапты мамандарынан, сондай-ақ діни ақпарат орталығының (call-center) 8 (7172) 33-30-30 телефон нөміріне қоңырау шалу немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына хат жолдау арқылы сұрап біле аласыздар.

Бөлісу: