15 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде Тәуелсіздік күні қарсаңында дәстүрлі «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті.
Шара аясында 80 жағдайы төмен және мұқтаж отбасыға азық-түлік қоржыны таратылды. Игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов, Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы қатысты.
Қолы ашық, жүрегі жұмсақ жандардың демеушілігімен жүзеге асқан шара барысында елорда мешіттерінің қызметкерлері азық-түлік қоржындарын мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіп берді.