28 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Рақымқызы Раиса ана» мешіті «Қолыңнан келсе, қолғабыс бол» акциясы аясында Сарыарқа ауданына қарасты «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлеріне дастархан жайды.
Қыс қаһарына мінгенде жылдағы дәстүр бойынша ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйытқы болуымен елорда мешіттерінде астанамыздың тазалығына жауапты елеусіз ерлерге ықылас көрсету шаралары жалғасып келеді. Игі істен «Рақымқызы Раиса ана» мешіті де қалыс қалмады. Құлшылық үйінің асханасында 50 кісіге арналған дастархан жайылды.
Еңбектерін елеп, көңілдеріне дем беріп жатқан мешіт ұжымына «Астана тазалық» ЖШС қызметкерлері де ризашылығын білдірді.