03
Сәрсенбі,
Наурыз

һижри

AMIN.KZ медиа орталығы жұмысын бастады

AMIN.KZ медиа орталығы жұмысын бастады

Ел іші
Жарнама

Атырау орталық мешітінде amin.kz сайтының төл жобаларын жүзеге асыру мақсатында арнайы медиаорталық ашылды.

Аmin.kz медиа орталығының ашылуына ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов арнайы келіп қатысып, сәттілік тіледі.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейлі датасымен тұспа-тұс келіп отырған осынау қуанышты жаңалық дінімізді дәріптеуде жаңаша форматта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Дін қызметкерлерінің алдында ​медиакеңістіктің заманауи мүмкіндіктерін пайдалану міндеті тұр» деп атап өтті Марат Бектазинов.

Заманауи техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген медиаорталық базасында роликтер, рұхани сұхбаттар, адамгершілік, ізгілік құндылықтарын дәріптейтін уағыз-насихаттар түсіріледі. Сонымен бірге әлеуметтік желі мүмкіндіктерін көбірек қолдану жоспарда бар. Яғни медиаорталықта фейсбук, инстаграм желілері, ютуб каналдары арқылы тікелей эфирлер өткізіледі.

«Имамдар, ұстаздар, дін қызметкерлері желі қолданушыларының сауалдарына тұрақты түрде жауап береді. Бұл да болса уағыз-насихат форматының жаңарып, жалпы аудиторияны кеңейту мақсатында іске қосылып отырған механизм» деді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Қазіргі уақытта Атырау облысында 33 мешіт бар. Бас имамның тапсырмасымен, аталған мешіттердің барлығында инстаграм, фейсбук желілерінен ресми парақшалар ашылып, жұмыс істеуде.

73c806a2-7cae-48b3-94ad-a28fc0d0655e.jpg

2043d394-2bce-4a94-87bc-d04a334af71d.jpg

Бөлісу: