24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Садақ ату өнері – пайғамбар сүннеті

Садақ ату өнері – пайғамбар сүннеті

Ел іші
Жарнама

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы облысы Іле ауданында «Садақ ату өнері – пайғамбар сүннеті» атты мешіт жамағаты мен имамдар арасында садақ атудан сайыс өтті.

Жарыстың беташарын Іле аудандық «Өтеген батыр Сәбденұлы» мешітінің бас имамы Дархан Аманұлы садақ ату өнерінің маңыздылығы жайлы насихатымен бастады. Сондай-ақ бас имам садақ атудың Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті екенін түсіндіріп, сайыстың басты мақсаты салауатты өмір сүруді насихаттау екенін атап өтті.

Сайыста барлығы 21 үміткер бақ сынап, бірінші орынды Покровка ауылындағы «Әбу Ханифа» мешітінің жамағаты Асылбек Ысмайл жеңіп алды. Екінші орынды Қараой ауылындағы «Омарбек ата» мешітінің наиб имамы Сүлеймен Олжас иеленсе, үшінші орынға Жаңа дәуір ауылындағы «Айтақын ата» мешітінің жамағаты Қоблан Әжібеков ие болды.

Жүлделі орын алған азаматтарға алғысхат, естелік кубок және қаржылай сыйлықтар берілді. Жарысқа қатысушылардың бәрі де алғысхатпен марапатталды. Аудан имамы Дархан Аманұлы сайысты колдаған «Mergen.kz» ұжымына және Іле аудандық жастар ісі бойынша жауапты қызметкер Қаби Ринатқа  алғыс білдірді.

3ecd8c23-6946-4a0c-bd3f-faf951e4064d.jpg

9e234f42-74aa-4177-8f1c-9f83b9ebb087.jpg

Бөлісу: