29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Жолаушыларға қызмет көрсететін мешіт ашылды

Жолаушыларға қызмет көрсететін мешіт ашылды

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аймақтардағы өкілдіктеріге жол бойындағы мешіттерге қолайлы жағдай жасауға байланысты бастама көтерген болатын.

Осыны қолдау мақсатында Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлының ұйытқы болуымен Суық-бұлақ кенті мешіті жанынан тынығу бөлмесі ашылды. Игі істің басы-қасында жүрген Шар ауылының имамы Ғалымбек Досжановтың айтуынша, мұнда сапарлатып ары-бері өтетін жолаушыларға тегін интернет уай-фай желісі, жылы сумен дәрет алу, ыстық кофе-шәй, алғашқы медициналық көмек үшін дәрі дәрмектер, ұялы телефон қуаттандырғышы, сабын және антисептик, сүлгі-орамалдар, ыстық және суық сусындар т.б… барлық жағдай жасалған.

«Алла қаласа Семей аймағына қарасты жол бойындағы барлық мешіттерге осындай жағдайды жасауды жоспарлаудамыз. Осы игі шараға жанашыр жандарды шақырамыз» дейді Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы.

43669d96-55fd-4675-96bb-128a59beb49a.jpg

ed6061ea-77cb-4008-8914-5608f7d09ab9.jpg

2f30d31b-faf5-45d4-91c3-3e1f27944220.jpg

0786c8bf-cf53-4f8d-bc82-e92c66f751f0.jpg

Бөлісу: