21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Халал даму» өкілі тағайындалды

«Халал даму» өкілі тағайындалды

Ел іші
Жарнама

Қайрат Аманжол «Халал даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты өкілі болып тағайындалды.

Жаңа өкілді атыраулық имамдарға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы таныстырды.

Қайрат Аманжол – тағамтану саласында ұзақ жыл тәжірибе жинақтаған маман. Ол әр жылдары Алматы ашытқы зауытының Оңтүстік Қазақстандағы өкілі, «Тенгри Фуд Групп» ЖШС көтерме тамақ сауда саласында, «Содексо Қазақстан» ЖШС франциялық тамақтандыру компаниясында қызмет еткен.

Ал бұған дейін «Халал даму» мекемесінің Атырау облысы бойынша жауапты өкілі қызметін атқарған Эммат Ғұмаровқа алғыс хат табыс етілді.

46a8ce96-3b16-4b92-b14a-48cd9182f0cc.jpg

39f6dbdb-f92a-42d5-82fd-c85d9941a8ed.jpg

Бөлісу: