27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Жұмадағы жақсылық» – ыстық тағам үлестіріліп, тегін такси қызмет етті

«Жұмадағы жақсылық» – ыстық тағам үлестіріліп, тегін такси қызмет етті

Ел іші
Жарнама

Қызылорда облысы имамдарының ұйытқы боулымен «Жұмадағы жақсылық» бастамасы қолға алынып, қасиетті күні бірі ыстық тағам таратса, бірі тегін такси қызметін ұсынуда.

Осындай игі шаралардың бірі Сырдария аудандық «Мұсылмандар» мешітінде әр жұма сайын тегін нан таратылып жүр. Яғни жұмада мешітке келген жамағат мұқтаждығына қарай «ас атасын» ала алады.

Сонымен қатар, аталмыш бастама аясында қалалық «Сұлтан» мешітінің ерікті жастары қыс ауасында жан бағып, табыс тауып жүрген азаматтарға жылулық көрсетіп, қасиетті жұманың жақсылық жаршысы екенін жеткізу ниетімен орталық базар маңы мен көше бойында сауда жасаушы жандарға ыстық тамақ таратып келеді.

016021c2-ef12-435d-a01f-981b07fa4f0a.jpeg

15ba0edb-b7d0-4be2-bb9c-d27d7067d946.jpg

Бөлісу: