21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Жаңаөзенде 100 отбасыға қайырымдылық көрсетілді

Жаңаөзенде 100 отбасыға қайырымдылық көрсетілді

Ел іші
Жарнама

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлының бастамасымен, «Өзенмұнайгазға» қарасты «НГДУ-4» мекемесінің ұжымы, «Игі істер» қоғамдық қоры, сондай-ақ құлшылық үйінің жанынан ашылған «Иманды жастар» тобы және Жастар ресурстық орталығының еріктілерінің қолдауымен «Әр жұмада бір шара» жобасы аясында кең ауқымды қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі һәм игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, барлығы 100 жанұя қамтылды.

Іс-шара соңында Жаңаөзен «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлы:

«Мешіт өнегелік істерде халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, имандылықтың ордасы ретінде қызмет етуі керек. Бүгінгі игі іс-шараға атсалысқан мешітіміздің жамағатына алғысымызды айтамыз! Бірінші Алланың қалауымен, екінші қолы ашық азаматтардың арқасында осындай шараны өткізіп отырмыз. Баршаңызға Алла разы болсын! Алла сауаптан жазсын!», – деп ізгі тілегін жеткізді.

4446a26d-c3da-4ca1-a912-3348311b5c86.jpeg

Бөлісу: