19
Жұма,
Сәуір

һижри

Қарағанды: Қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Ел іші
Жарнама

Қарағанды қаласындағы «Бала қажы» мешітінде қалалық Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Кең болсаң, кем болмайсың» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Шараның басты мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға аз да болса көмек беру. Осы орайда ұйымдастырылған жәрмеңкеден түскен қаражаттың бір бөлігі денсаулығына байланысты емге қаражат жинап жатқан Айерке Асқарова қарындасымызға аударылса, екінші бөлігі көпбалалы отбасыларға үлестірілді.

Алланың мейірімі қандай шексіз болса, мейірімділік пен қайырымдылыққа, жақсы амалдарға беретін Оның қайтарымы да сондай кең болары сөзсіз. Ендеше, жалғыз Алланың разылығын табу жолында аянып қалмай, қайыр қылудан қалыс қалмайық!

0bd71d80-b5b4-40b0-85f7-1fa576b27b74.jpg

Бөлісу: