26
Жұма,
Сәуір

һижри

Қар тазалаушыларды қуантты

Қар тазалаушыларды қуантты

Ел іші
Жарнама

Науан хазірет мешітінің Жастар ісі бөлімі «Зекет» қорының жергілікті өкілдігімен бірлесіп, 50 отбасыға арналған азық-түлік пакетін дайындады.

Осылайша олар аязды күнге қарамай қар тазалаған қаланың коммуналдық мекемесі қызметкерлеріне сыйлық жасады. Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит өзі бас болып, мешіт қызметкерлерімен бірге қар тазалауға көмектесті. Бас имам өз сөзінде әр адам өз үйін, өзі тұрып жатқан қаланы таза ұстауы тиіс екенін айтты. Өйткені шариғатта тазалыққа ерекше көңіл бөлінеді.

Орталық мешіттің «Жақсы іс – жан азығы» атауымен өткізген шарасы барысында азық-түлік пакетін алған қарапайым жұмысшылар дән риза болып, алғыс айтты.

1ca22294-3f7c-4ac5-b9eb-79cc3b2e122e.jpeg776dd43e-8648-4953-b802-ff6b0fbd58af.jpeg

65358fed-ee73-4791-bf99-792eea8ac877.jpeg

0daac442-db77-449a-bd12-128e185d8bf2.jpeg

Бөлісу: