20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Қарттар үйінде де қажы бар (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биыл Алматы қаласындағы Қарттар үйінен Айымторы Каспиқызы кіші қажылығын өтеп келді. Жуырда қажылық сапардан оралған Айымторы Каспиқызы Бас мүфтидің қабылдауында болды.

«Алланың қалауымен қажылыққа аман-есен барып, қасиетті мекенде дұға құлшылығым жасап қайттым. Қажылыққа бару мен үшін үлкен сыйлық болды. Ол жақтан алған әсерімді ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Сізге алғысымды айтамын. Ел мен жердің игілігі жолында атқарып жатқан жұмысыңызға Алла Тағала береке берсін», – деді 78 жастағы Айымторы әже.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Құрбан айт мерекесінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен тұңғыш рет рухани кеш өткізген болатын. Сол рухани кеште Бас мүфти ардагерлер үйінен Айымторы Каспиқызына кіші қажылыққа жолдаманы өз қолымен табыстаған болатын.

Ардагерлер үйінен қарттарды қажылыққа жіберу дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Осы уақытқа дейін Қарттар үйінен Айымторы Каспиқызымен берге, Қанен Нұрпейісов, Жайсаңбай Қаңтарбаев ақсақалдарда кіші қажылығын өтеп келген болатын.


 

ҚМДБ баспасөз қызметі

Бөлісу: