20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Астана әкімі елордалықтарды Конституция күнімен құттықтады

Ел іші
Жарнама

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков қала тұрғындарын ҚР Конституциясының 20 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекет дамуының негізі, азаматтарымыздың бостандығы мен еркіндігінің кепілі. Қазақстанның бүгінге дейін қол жеткізген барлық жетістіктері және оның даму үрдістері Конституцияда айқындалған қағидалардан бастау алады.

Биыл Конституциямызға жиырма жыл. Осы уақыт ішінде Ұлт Көшбасшысы - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанды әлемге танытқан, халықтың мақтанышы мен көзқуанышына айналған іргелі істер атқарылды. Еліміз әлемнің елу дамыған елінің қатарын толықтырып, үздік отыздыққа ұмтылуда. Осындай жетістіктер мен нәтижелердің астарында Конституциямен бекітілген қағидалар жатыр. Ата Заңымыздың талаптарын сақтай отырып, алатын асуларымыз биік болғай!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін!», - деді Әділбек Жақсыбеков. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: