24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Діни басқармада – Малайзия делегациясы(ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астанада найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Малайзиядан келген біртоп делегацияны қабылдады.

Делегация жетекшісі, профессор, доктор, Малайзия Ғылыми Ислам университетінің проректоры Дато Мұса Ахметпен болған ресми кездесуде Қазақстан мен Малайзияның рухани саладағы байланысы сөз болды.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен малайзиялық әріптестер арасында оқу-ағарту, халал индустриясы саласындағы байланысты атап өтті.

«Қазір біз сіздердің елдеріңізбен осы діни салада жақсы қарым-қатынас орнаттық. Қазақстаннан барған ҚМДБ делегациясы Малайзияның халал индустриясы саласындағы тәжірибелерімен танысып қайтты. Бұл әріптестік байланыс одан әрі нығая береді деген сенімдемін», – деді Н.Өтпенов.

Кездесуге қатысқан Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Кеңесұлы еліміздегі діни ахуал мен атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар туралы баяндап берді.


 

muftyat.kz

Бөлісу: