19
Жұма,
Сәуір

һижри

Астана мешіттерінің Құрбан айтқа дайындығы пысықталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей тапсырмасымен имамдардан құралған тазалық тобы елорда мешіттерін аралап, алдағы Құрбан айт мейрамына дайындық барысын пысықтады.

Тазалық тобы қаладағы «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана», «С.Ғылмани», «Шейх Кунта қажы», «Әлжан ана», «Төлебай», Әс-Сәләм» және «Әл-Ғани» мешіттерінің айтқа әзірлік жұмыстарымен танысты. Мешіттердің ішкі-сыртқы тазалық жұмыстарына жіті ден қойылды. Атап айтсақ, аула, сыныптар, кабинеттер, дәретханалар, діни рәсімдер орындалатын жерлер, әйелдер залының тазалығы тексеріліп, ақпарат тақтасы, мешіт шырақтарының жануы, мешіт сөрелеріндегі кітаптар, ескерту нұсқаулықтары мұқият қаралды. 

Әрбір мешіттің мерекеге деген дайындығын қатаң қадағалаған тазалық тобы қала мешіттеріне оң бағаларын беріп, «Құрбан» айт мейрамына сақадай сай екенін атады. Еске сала кетейік, ұлық мерекені жоғары деңгейде атап өту мақсатында алдағы сенбі күні Астана мешіттерінде жалпы сенбілік жұмысы ұйымдастырылатын болды.


 

 

«Нұр Астана» орталық

 мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

Бөлісу: