25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти құрбандықта селфи жасамауға шақырды

Ел іші
Жарнама

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Алматы қаласында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Тілшілерге құрбандық жайлы баяндап, атқарылар шаралар туралы түсінік берген бас мүфти қасиетті мерекені мәнсіз дүниелермен араластырмауға, сауапты амалға жауаптылық танытып, лайықты өткізуге шақырды. Бас мүфти әсіресе құрбандық малын сою сәтін суретке яғни селфиге түсірудің орынсыз екенін айтты.

«Өзінің істеп жатқан игі амалы мақтан үшін болмауы керек. Бейнетаспаға түсіріп, елге көрсеткені бір мақтан үшін болып кетеді. Сіз біреуге садақа берсеңіз де оң қолыңыз білсе, сол қолыңыз білмеуі керек» деді  Ержан қажы Малғажұлы.

Биыл айт намазы Алматы жұрты үшін таңғы 7:30 оқылса, елордалықтар 7:45-те бастайды. Ал құрбандық шалу үшін бұл екі шаһардың өзінде мал соятын 29 арнайы орын дайындалған. Ол жерлерде тіпті қасапшыларға дейін тренингтер өткізіліп, малды мұсылмандық жолмен сою ережелері түсіндіріліп жатыр екен.

Діни басқарма мал бағасын да кәсіпкерлермен келісіп, Құрбан айт күндері сатылатын қойдың құнын 30 мыңнан асырмауға уағдаласты.

Айта кетерлігі құрбандыққа бір жасар қой, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, шұнақ болмауы тиіс. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: