23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Н.Назарбаев: «Лаңкестік ұйымдармен күрес желісін құру керек»

Ел іші
Жарнама

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД Мемлекеттері басшыларының шағын құрамда өткен отырысында БҰҰ-ның 70 сессиясында мәлімдеген Дүниежүзілік лаңкестік ұйымдармен күрес желісін құру жайлы ұсынысын ортаға салды.

Елбасы ТМД Мемлекеттерінің басшылары қауіпсіздікке төнетін лаңкестік қатердің алдын алу үшін тиімді шаралар қабылдау қажеттігіне ден қоятындығын да атап өтті.

«БҰҰ мінберінен атап өткенімдей, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақұлдауымен Дүниежүзілік лаңкестік ұйымдармен күрес желісін құру қажет. Біздерге бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту, ТМД антитеррористік орталығының әлеуетін барынша пайдалану қажет. Сондықтан да ТМД Мемлекет басшыларының Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай халықаралық лаңкестікпен күрес туралы мәлімдемесі бүгін дер уақытында қабылданды» деді Мемлекет басшысы. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: