20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бірлікті мақсат еткен басқосу өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы оңтсүтік өлкедегі сапары барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған «Дін - бірлікке бағыттайды» облыстық семинарына қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы мен Әлеуметтік бастамалар орталығы бірлесіп өткізген жиын діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және дінаралық татулық пен келісімді нығайту мәселелерін талқыға салды.

Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, қалалық, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, облыстағы құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ішкі саясат және дін істері басқармасының Әлеуметтік бастамалар орталығы қызметкерлері, дінтанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мешіт имамдары, жоғары, орта арнаулы оқу орындары жастар ісі комитеттерінің төрағалары және Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептердегі «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз сөзінде: «Алаш елі азаттығын алғаннан бері, Құдайға шүкір, тұрақты даму үстінде, қазақтың жерінде сан алуан ұлт-ұлыстың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Осының бәрі қазақ еліне берген Тәңірдің тартуы, өлшемсіз рахымы десек, сол тәуелсіз елдің тұғырын тұғырлап, туын берік ұстайтын ел басшысын тағайындап беруі тағы бір үлкен мейірімі, нығметі деп түсінгеніміз жөн» деп атап өтті.

Аталмыш семинарда өз ретінде халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, «Шымкент» университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты Тапалов Дүйсенбек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, найб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының Әлеуметтік бастамалар орталығының директоры Тұрсынбай Нұржан баяндама жасады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: