29
Жұма,
Наурыз

һижри

Бас мүфти Павлодар имамдарымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгін Павлодар облысындағы іс-сапары барысында өңір имамдарымен кездесу өткізді. Бұл жайында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келелі кездесуге  Павлодар облысының өкіл имамы Н.Исенов және қала, аудан-ауыл имамдары қатысты.

ҚМДБ төрағасы халқымыздың сан ғасырдан бері рухани құндылығы болып саналатынын қасиетті дін жайын айта келе, Діни басқарма бастамасымен қолға алынған «Дін және дәстүр» рухани жобасы 2018 жылға дейін жалғасын табатынын  атап  өтті.

«Діни басқарманың жергілікті жерлердегі өкілдері – мешіт имамдары тек дін саласында ғана емес, өзге де салаларда да өз білім-біліктіліктерін артырулары тиіс. Елбасы ел халқының алдына келелі міндеттер қоюда.  Мемлекет тұтастығы, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жасалып жатқан игілікті істерімізді одан әрі жалғастыру қажеттігін жұртшылққа ұғындыру да діни қызметшілердің – бір міндеті. Мешіт қызметшілері исламдағы дәстүрлі бағытымыз бен түрлі теріс ағымдардың ерекшеліктерін дұрыс түсіндіру үшін халықпен, әсіресе жастармен жұмыс жүргізе білулері керек» деді  Ержан қажы Малғажыұлы.       

Бас мүфти сондай-ақРепубликалық бірінші имамдар форумында бекітілген басты құжат – Тұғырнаманы нақты жүзеге асыру, еліміздегі мешіт имамдарының атқаратын  төрт бағыттағы іс-шараларды әрқашан басты назарда ұстау және тағы басқадай мәселелер тұрғысында келелі кеңестер берді.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: