18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Джон Керри «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді (фото)

Ел іші
Жарнама

АҚШ  Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Қазақстанға жасаған іссапары барысында  «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы ат басын бұрды, деп хабарлайды Muslim.kz.

Мұхит асып келген мәртебелі мейманды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз қарсы алып, ғибадат үйімен таныстырып, арнайы сыйлық тарту етті.

Естеріңізге сала кетсек, Джон Керри елорда төрінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды таратпау, қарулы экстремизмге қарсы іс-қимыл, Ауғанстандағы жағдай және ИШИМ террористік топтарына қарсы күрес мәселелері талқыланған келіссөздерінің  қорытындысын жоғары бағалайтындығын атап өткен болатын.


 

ummet.kz-ақпарат  

Бөлісу: