19
Жұма,
Сәуір

һижри

Зайырлы қоғамдағы дін тақырыбы тарқатылады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Астана қаласы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғам: мемлекеттік конфессиялық қатынастар» атты семинар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Muslim.kz.

Екі күнге жоспарланған семинарда елорда мешіттерінің имамдары мен ұстаздарына дін ғалымдары мен мамандар дәріс өтеді.

Дін істері басқармасының басшысы Төлеген Закарьяновтың алғы сөзімен ашылған семинарды ҚР Президенітінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Қарин мен «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті ректорының кеңесшісі, танымал дінтанушы Мұхитдин Исаұлы жүргізеді.

Сондай-ақ, аталмыш шараға байланысты  Төлеген Закарьянов  пен ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай Тағанұлының қатысуымен екіжақты меморандумға қол қойылатын болады.


 

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: