29
Жұма,
Наурыз

һижри

Діни білімді дамыту тұжырымдамасы қабылданды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматы қаласында өткен «Діни білім тұтастығы – діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» атты тұңғыш рет тарихи құжат қабылданды. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Тұжырымдама – діни білім беру жүйесі бойынша бағыт-бағдарымызды айқындайтын, жолымызды көрсететін бағдаршам іспетті басты стратегиялық құжатымыз. Тұжырымдама мақсаты – жастарға, жалпы жұртымызға толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті діни білім беруде, зайырлы біліммен қоса, басқа да салаларды ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастыра отырып түсіндіру, діни білім беруді жетілдіру. Жастарды діни экстремизм мен радикалды ағымдардан сақтандыру.

«Тұжырымдаманы қабылдаудағы мақсатымыз – халқымыздың діни, рухани қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, көп деңгейлі, алуан пішінді үздіксіз діни білім берудің үлгісін, тұтас ислами оқу кешенін қалыптастыру», – деп атап өтті ҚМДБ төарағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.


 

 ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: