19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бас мүфти: Санға емес, сапаға жұмыс істеуіміз керек (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Алматыда ҚМДБ өкіл имамдарымен, медресе директорларымен, қарилар дайындау орталықтары жетекшілерімен өткен ресми кездесуде бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы дін білімін дамытуда сапаға көңіл бөлу керектігін атап өтті.

«Біз өзіміздің діни оқу орындарымызға, мәселен «Нұр Мүбәрак» университетіне, 9 медресеге, қарилар даярлау орталықтарына түсетін шәкірттердің санына емес, сапасына көбірек мән беруіміз керек. Білімді маман халықтың сауатын ашып, дұрыс діни ақпарат жеткізеді. Сондықтан діни оқу орындарына шәкірт қабылдау жөніндегі комиссия мүшелері осыған баса назар аударуы ләзім. Оқуға қабылдау талаптарын күшейтсе жұмыс нәтижелі болады» деді Ержан қажы Маямеров.

Басқосуда медреселердің оқу бағдарламасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу, медресе ұстаздарының білімі мен тәжірибесін арттыру мәселесі талқыланды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: