19
Жұма,
Сәуір

һижри

Бас мүфти: «Біз – халықтың қызметкеріміз» (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ислам институтында дәстүрлі дәрісін өткізіп, дін саласындағы өзекті тақырыптардың түйінін тарқатты. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМДБ төрағасының кезекті дәрісіне имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының директоры, ұстаздар ұжымы мен «қазан-желтоқсан» айы оқу легінде білім алып жатқан еліміздің аймақтарынан, сондай-ақ көршілес жатқан Моңғолия елінен келген 50-ден астам имам-молдалар қатысты. 

Сабақ барысында бас мүфти дін қызметкерлерімен сұхбаттасып, дін исламның айнасы саналатын әрбір имамды өзіне жүктелген жауапты міндетін атқару кезінде туындаған мәселелерге әсте асығыс шешім қабылдамауға шақырды. Сонымен қатар, Ислам дінінің қыры мен сырын, түрлі салаларын жете меңгергенде ғана халықты, ұлтты тура жолға, бірлікке бағыттауға болатынын сөз етті. Бас мүфти дәрісінен дін қызметкерлері пәтуа берудің тиімді тәсілдерін үйренді.

«Біз – халықтың қызметкеріміз. Адамның рухы мен жігерін оятып, иманын көтеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу – сіз бен бізге жүктелген жауапкершілігі мол міндет. Осыны ұмытпаңыздар», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы. 

Сабақ соңында институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы имамдардың білімі мен тәжірибесін көтеру бағытында оқу орнының ұжымы барлық мүмкіндіктерді қарастырып, белсенді жұмыс жасай беретінін жеткізді.

Айта кетейік, бас мүфтидің ислам институты мен медреселердегі дәстүрлі дәрістері  алдағы уақытта да жалғасын табады.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: