20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Елбасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Ел іші
Жарнама

Қазақстант Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік мерекесіне орай өткен салтанатты жиында барша қазақстандықтарды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыркешті таңдар болады. Біз үшін жаңа дәуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде Қазақстан Республикасы атты мәңгілік жұлдыз жарқырай туды. Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлар бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті. Адам баласы сияқты мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағадан аттайды. Біріншісі - жарық дүниенің есігін ашу, екіншісі - ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де қайталанбас қастерлі мезеттер. Біздің Қазақстан – Ұлы Дала Елі, Жаңғырған Ұлы Дала Елі. Бұл біздің асқақ аңсарымыз әрі ерекше мақтанышымыз. Қазақстандықтардың болашақ ұрпағы біздің жетістіктерімізді лайықты бағалап, мақтан тұтарына еш күмән жоқ. Олар біздің тәжірибемізден даналықтың, сындарлы іс-әрекеттің және кез келген қиындықтың алдында иілмес беріктіктің үлгісін көретін болады» деді Елбасы. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: