19
Жұма,
Сәуір

һижри

Мәуліт мерекесінде алматылықтарға тосын сый жасалды

Ел іші
Жарнама

Алматы қаласында пайғамбар мәулітіне орай ерекше флешмоб ұйымдастырылды, деп хабарлайды Total.kz.

Facebook әлеуметтік желісіндегі «Алматы триллионерлері клубы» мүшелері Жібек жолы көшесі бойында қала тұрғындарына раушан гүлдерін таратты. Гүлмен қоса ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) «Шариғат оң көрген әрбір іске, тіпті бауырыңды жайдары жүзбен қарсы алудың өзіне немқұрайлы қарама» (имам Муслим) деген хадисі жазылған мерекелік парақшасы да қоса ұсынылды.

Акция бастамашыларының айтуынша, игі шара ислам дінінің көркемдігі мен мейірімділігін көпшілікке көрсету мақсатында қолға алынған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: