29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Халал» сертификатын табыстады

Ел іші
Жарнама

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал стандарты бойынша Астана қаласындағы өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Асхат Сәлимов «Нұр ана – үй тағамы» ЖШС мекемесінің директоры Дагделен Абдуррахманды қабылдап, аталмыш салада жұмыс жүргізіп жатқан «Диван» мейрамханасының қызметімен танысты.

Мұнан кейін А.Сәлимов аталмыш мекеме қызметі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Халал стандарты" ережесіне сай екенін растап, мекеме директорына ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің арнайысертификатын табыстады.

Кездесу соңында мекеме ұжымына табыс тілеп, шариғат талаптары аясында бұқара халыққа адал қызмет ете берулеріне тілектестігін жеткізді. 

 «Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: