29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ұлт жоспарына арналған семинар басталды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру міндеттері мен технологиялары» тақырыбында республикалық семинар-тренинг басталды.

Орталық  Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы ұйымдастырған трениг үш күнге жоспарланған. Шара шымылдығын ашқан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Б.С. Абдрасилов семинарда қозғалатын тақырыптың салмағын түсінідіріп өтті. «ҚР Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Бүгінгі семинар-тренинг Қазақстан 2030»  Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлкеттік этносясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру, «Мәңгілік ел» идеясын іске асыруға атсалысу. Еліміздің әрбір азамат, әрбір қызмет пен кәсіп иесі өз саласы аясында Ұлт жоспарына үн қосуы керек. Жарқын болашақ осындай міндет-мақсаттарды тереңінен ұғынып, іс жүзінде орындаған кезде орнайды. Семинардан алар үлгі, бағыт-бағдар мол болсын» деді ректор.

Елбасының сарабдал саясатына негізделген жүйелі жоспар жайындағы сөз тізгінін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы Ералы Тоғжанов, ҚР Президент әкімшілігінің ҚХА хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Шанаи, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі Гүлзи Нәби Әскенқызы жалғастырып, ұлт бірлігіне бағытталған пайымдауларымен бөлісті.

 Ұлт жоспарын нақты қадамдармен айқындап, ұлт пен этнос бірлігіне салмақ салған семинарға елордалық имамдар қатарында Республикалық қарилар орталығының директоры Сәдуақас Олжабай, «Нұр Астана» мешітінің наиб имамдары Төлеби Оспан, Жұмабек Қабылбек, Әділхан Серікбай, Астана медресесі директорының орынбасары мен ұстазы Марат Дәлелханұлы, Қанат Оңғарбаев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Асқар Мұқанов, «Төлебай» мешітінің наиб имамы Дәурен Муслимов қатысты.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: