20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сыр имамдарымен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Сыр еліндегі сапарында ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала және аудан имамдарымен арнайы кездесу өткізді. Бұл туралы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бас мүфти асыл дініміздің дамуына өзіндік үлес қосып отырған Қызылорда өңірінің имамдары атқарған ауқымды шараларға оң бағасын берді. Сондай-ақ дін қызметкерлеріне жүктелер міндеттің маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Ілкімді істерге ұйытқы бола білген Қызылорда облысының өкіл имамы Талғат Омаровқа сіңірген еңбегі мен облыс әкімдігінен марапатқа ие болғанына ризашылығын білдіріп, ҚМДБ тарапынан тапсырылған міндеттердің сапалы орындалуына ұдайы көңіл бөліп, жемісті атқарып отырғаны үшін алғыс айтты.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: