28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Бас мүфти Ислам институтының имамдарына куәлік табыстады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында кезекті екі айлық, яғни, қазан-желтоқсан айындағы оқу легін тәмамдаған имамдарға куәлік табысталды. Институт бағдарламасына сәйкес, имамдар «Халал-стандарт» курсын тыңдап, сертификаттарға ие болды.

Бұл жолғы куәлік табыстау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Мағажыұлы, сондай-ақ Институт директоры Кенжеәлі қажы Мырзабай және институт ұстаздары, дінтану ғылымдарының докторы, профессор Мұхитдин Исаұлы, Бауыржан Әлиұлы, Ризабек Батталұлы, Рахимов Абдухалық, Юлдашев Тайыржан да қатысты.

Институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Бас мүфтиге институттың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ол өз сөзінде еліміздің барлық аймағында дін үшін қызмет етіп жатқан әрбір имам-молдалардың атқарып жатқан барлық ісінде «ниет» мәселесіне айырықша тоқталды. Институт түлектеріне алдағы уақыттағы жауапкершілігі мол жұмыстарына табыс тіледі. Ислам институтының республикалық деңгейде ғана емес халықаралық деңгейде қызмет атқарып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, қазан-желтоқсан оқу легіне көрші Моңғолия елінен де имамдар келіп, білімін шыңдаған еді.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Мағажыұлы хақ дініміз Исламды халқымызға дұрыс насихаттуда ел имамдарының сауатты да білімді болуына институт үлесінің зор екендігі жайлы айтты. Сонымен қатар институттың алдағы атқарар істерінде үлкен жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Рәсім соңында оқушы-имамдар институт басшылығы мен ұстаздар ұжымына шексіз алғысын білдіріп, ақсақалдар батасын берді. Институттың алдағы уақытта зор табыстарға жетіп, биік белестерден көрінеуіне тілектестіктерін білдірді.

Имамдарды шығарып саларда екі ай бойы білім алған білім ордасына деген қимастық сезімдері имамдардың екі жанарынан байқалып тұрды.

Ислам институтының баспасөз қызметі

Бөлісу: