19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Нұр-Мүбарак» университетінің 15 жылдығына арналған Халықаралық конференция

Ел іші
Жарнама

«Нұр-Мүбәрак» университетінің 15 жылдығына орай мамыр айының соңында «Ислами оқу орындары және олардың теріс түсініктерге қарсы тұрудағы рөлі» атауымен халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Мысырда «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни мен Уақыфтар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма және Қазақстанның ЕАР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Берік Арынның кездесіп, еліміздегі бірегей ислами оқу орнының атаулы күніне арналған конференция жайын талқылады. Халықаралық конференция жұмысында жаңсақ пікірлердің шығу тарихы, араб тілі және діни орталықтар, медреселердің қазақ жеріндегі теріс діни пікірлерді жоюдағы орны, «Нұр-Мүбарак» университетінің тура діни білімді қалыптастырудағы рөлі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазақ жеріндегі дәстүрлі ислам дінін дамытудағы орны туралы  мәселелер қамтылатын болады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: