20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы «Салауатты жамағат» атты ІІІ қалалық спорттық ойындар сайысының ЕРЕЖЕСІ

Ел іші
Жарнама

Астана қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы

«Салауатты жамағат» атты ІІІ қалалық спорттық ойындар сайысының ЕРЕЖЕСІ

 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті және «АқЖан» мәдени мұраны қолдау қоры» Қоғамдық қоры Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен қаладағы мешіттердің жамағаты арасында «САЛАУАТТЫ ЖАМАҒАТ» атты спорттық ойындар сайысын ұйымдастырады.

 

Іс-шараның мақсаты:

o   Жамағат арасындағы бірлікті, бауырмашылықты, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау;

o   Жалпы адами құндылықтарды, гуманизмді және толеранттылықты қалыптастыру.

 

Сайысқа қатысу талаптары:  

Сайысқа «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан», «С.Ғылмани», «Әл-Ғани», «Төлебай», «Әс-Сәләм», «шейх Кунта қажы» «Әлжан Ана» мешіттерінің және «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу бөлімі (Абай көшесіндегі Ислам орталығы), «Отырар» қайырымдылық мекемесінің құрама командалары қатысады.

Әр команда құрамында 40-45, 35-40, 30-35, 25-30, 20-25, 15-20, 10-15, 7-10 жас аралығындағы 8 ойыншы (ер адам) болуы шарт.

 

Сайыстың өту тәртібі:

Командалар «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы», «Аламан», «Қаппен секіру», «Көңілді хоккей», «Көкпар», «Арқан тарту», «Капитандар сайысы» сынды сайыс түрлерінен бақтарын сынайды.

 

Сайыстың уақыты:

2016 жылдың 16 сәуірі, сағат 09:30.

 

Ойыншыларды тіркеу:

Ойыншыларды тіркеу Астана қаласындағы мешіттерде жүргізіледі, командаларды тіркеу 12 сәуірге дейін жалғасады.

 

Командаларды марапаттау:

Сайыс барысында жинаған ұпайларына сай 1-2-3 орын алған командалар «Достық» кубогымен, ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігінің алғыс хаттарымен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталады.

 

Байланыс телефондар:

44-58-48, 87012364545.

 

 «Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

 

 

 

Бөлісу: