29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ақтөбе облысына жаңа өкіл имам тағайындалды (фото)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Төлеби Оспан «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілі және облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы алдымен Ақтөбе жамағатына бас мүфти сәлемін жеткізіп, Төлеби Оспанның бұйрығымен таныстырды. Сондай-ақ, бұған дейін өкіл имам қызметін атқарып келген Нұрлан Асановтың басқа қызметке ауысуына байланысты босатылғанын хабарлап, аз уақытта өңірде атқарған жұмыстарына алғыс білдірді. Қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, жамағат алдында құрмет көрсетті.

Төлеби Дәділұлы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі. Түркия Республикасында діни білімін жетілдірген. Құранды толық жаттаған қари.      

Алғаш дін саласындағы еңбек жолын ауыл мешітінің бас имамы қызметінен бастаған Т.Оспан бас мүфти көмекшісі, Астана қаласындағы С.Ғылмани мешітінің наиб имамы, соңғы он бір жылда Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітінде наиб имам қызметін абыроймен атқарған. Бірнеше діни іс-шаралар жобасының авторы және үгіт-насихат жұмыстарына белсене араласқаны үшін бас мүфти алғыс хаттарымен марапатталған.

«Насихат айттым, Жамағат!...», «Азан жайлы не білеміз?» атты кітапшалардың, түрлі тақырыптардағы мақалалардың авторы, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Отбасылы.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: