06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

ҚМДБ делегациясы Түркия діни-телерадио кешенімен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Түркиядағы ресми сапар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы Дін істері министрлігі жанындағы діни телерадио кешенінде болып, ақпарат құралдарының жұмысымен танысты хабарлайды Muftyat.kz.

Телерадио бас директоры Әбдірахман Әкбар ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев пен делегация мүшелеріне ұжымның жұмысын жан-жақты баяндап, «Диянет ТВ» арнасының қызмет аясының төрт жылды қамтитынын жеткізді.

«Ислам туралы теріс ақпараттар таратылып жатқанын жақсы білесіздер. Біз барлық мүмкіндігімізді салып, осы келеңсіз жағдайды жақсылыққа қарай өзгертуге, яғни дін жайында дұрыс хабар таратып, оның асыл құндылықтарын насихаттауға күш салып келеміз. Біздің ұжымда 140 адам қызмет етеді. Телебағдарламалардың басым бөлігі отбасына, балаларға арналған. Ислам тақырыбындағы деректі фильмдерді де түсірудеміз. Жастарға арналған құнды тележобаларды қолға алдық. Жастар түзелсе, мемлекетіміз де өркендейді» деді Әбдірахман Әкбар.

Ғылымбек Мәжиев ресми қабылдау барысында ҚМДБ жанындағы «Хикмет» телерадио студиясының өнімді еңбектерін таныстырды. Сонымен қатар, 24 сағат жұмыс істейтін «Асыл арна» ислами ағартушылық телеарнасы туралы да баяндап берді. Кездесу соңы тәжірибе алмасу шараларымен түйінделді.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: